Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы ұйымдастырған «Тәуелсіздік үшін!» атты көрмеге қазақстандық суретшілердің шығармалары қойылды. Көрме қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.