Accessibility links

Роухани ресми сапармен Астанаға келді


Хассан Роухани, Иран президенті.
Хассан Роухани, Иран президенті.

Иран президенті Хассан Роухани ресми сапармен Астанаға келді. Жоспар бойынша, ол мұнда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бірнеше құжатқа қол қояды.

Роухани Астанаға кеше кешке Ереванға сапарынан соң келген. Ереванда ол Армения президенті Серж Саргсянмен және премьер-министрі Карен Карапетянмен кездескен.

Роухани постсоветтік елдерге сапары аясында Қырғызстанға да бармақ.

Иран Қазақстан мен Қырғызстан мүше Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) бақылаушы ел мәртебесіне ие. 2008 жылы наурызда Тегеран бұл ұйымға кіруге өтініш берген. Бірақ ШЫҰ БҰҰ-ның Иранға санкция салуына байланысты ол өтінішінен бас тартқан. ШЫҰ-ға сонымен қатар Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан да мүше.

Қаңтарда БҰҰ Иранға салған санкциясын жойған соң Қытай президенті Си Цзиньпин Иранның ШЫҰ-ға кіруін қолдайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG