Accessibility links

Есеп комитетінің аудиторы мен "Қазақавтожол" басшылары қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада коррупциялық қылмысқа қатысты күдікпен ұсталған республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиторы А.Жәңгірбаев пен "Қазақавтожол" республикалық мекемесінің бірнеше басшысы қамалды.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, Астананың Алматы аудандық №2 соты А.Жәңгірбаеваны, оған "пара берді" деген күдікке ілінген "Қазақавтожол" мекемесінің бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмішев, бөлім жетекшісі К.Әжіғұлов та қамалған.

Ұлттық бюро бұған дейін есеп комитетінің тағы бір аудиторы Б.Копобаеваның, "Қазақавтожолдың" бас есепшісі Ш.Қорғанова, бөлім жетекшісі Б.Елемесованың да ұсталғанын хабарлаған еді. Сот оларды асырауында жас балалары, мүгедек адам мен қарт кісілері барын ескеріп, үйқамаққа алды.

Бюро ақпаратына қарағанда, мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева "Қазақавтожол" мекемесінің басшылығынан пара алды деген күдікке ілінген. Бюро аудиторлар "аудиторлық есепте бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсалғанын көрсетпеу үшін" 16 миллион теңге (47 мың доллар көлемінде) пара алған дейді. Есеп комитеті өкілдеріне берілетін ақша "Қазақавтожол" мекемесінің облыстық филиалдарының басшыларынан жиналған.

Коррупцияға қарсы қызмет Копобаева, Мұқашев, Әжіғұлов, Шамшиев, Қорғанов, Елесемов "кінәларын мойындап, өздерінің істеріне өкінгенін" айтады.

XS
SM
MD
LG