Accessibility links

Минскідегі Қазақстан елшілігінің қызметкері қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның Минскідегі елшілігінің есепшісі А.Сейдуалиев қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады бүгін Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. Елшіліктің аға есепшісі Сейдуалиев 700 мың долларға жуық қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған.

Ресми мәлімет бойынша, Сейдуалиев 2012-2015 жылдары елшілік ғимаратын салған бас мердігер "Активбизнесплюс" компаниясына ақша төленгені туралы "жалған кассалық ордерлер жасап, бюджеттің 207 мың доллар қаржысын жымқырған". Сейдуалиев сонымен қатар "елшілікке Беларусьтің салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылып келген 475 мың АҚШ долларын да жымқырған" деген күдікке ілінген. Қазір күдікті Астанадағы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

XS
SM
MD
LG