Түркияның Измир қаласында көлікке қойылған бомба жарылып, 10 адам жараланды. Алдын ала дерекке қарағанда, полиция шабуыл жасаған адамдардың екеуін атқан, үшіншісі ұстатпай кеткен.
Жарылысты кімнің не үшін жасағаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін Түркияның Стамбул қаласында 1 қаңтар күні түнде Reina түнгі клубына қарулы адам басып кіріп, оқ атқан. Шабуылдан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған. Шабуылдаған адам қашып кеткен. Ол терактінің жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған.
Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Измир қаласында Стамбулдағы шабуылға қатысы бар деген күдікпен ондаған адам ұсталған. Ұсталғандар арасында Солтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтар да бар.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, түрік полициясы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 20 адамды ұстаған. Ұсталғандар өздерінің Орталық Азия мен Солтүстік Африка елдерінен келгендерін айтқан.