Accessibility links

Ақтөбеде полиция басшыларының туыстары наразылық танытты


Қарулы шабуыл оқиғасына қатысты айыпталған жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшевтің әйелі Сандуғаш Шляшев (ортада) наразылық кезінде сөйлеп тұр. Ақтөбе, 6 қаңтар 2017 жыл.
Қарулы шабуыл оқиғасына қатысты айыпталған жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшевтің әйелі Сандуғаш Шляшев (ортада) наразылық кезінде сөйлеп тұр. Ақтөбе, 6 қаңтар 2017 жыл.

Ақтөбедегі жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың туыстары мен таныстары бүгін облыстық прокуратура алдында наразылық танытты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Шляшевтің әйелі Сандуғаш Шляшеваның Азаттыққа айтуынша, олар Шляшев пен Шоқановтың үстінен өткен жылы маусымның басныда болған қарулы шабуыл кезінде "қызметте әрекетсіздік танытты" деп айыпталып, үстілерінен іс қозғалуына қарсы.

Шляшев пен Шоқановты бас прокуратураның тергеу тобы өткен жылдың қазан айында маусымның басында болған қарулы шабуыл кезінде "қызметте әрекетсіздік танытты" деп айыптап, үстілерінен қылмыстық іс қозғаған еді. Туыстарының айтуына қарағанда, бас прокуратура істі облыстық прокуратураға тапсырған. Ал облыстық прокуратура "істе қылмыстық құрам жоқ" деп, жапқан. Бірақ кеше бас прокуратураның Шляшев пен Шоқановқа қарсы істі қайта қозғалғаны хабарланып, бүгін облыстық прокуратураға тергеуге шақырған.

ВИДЕО: Прокуратура алдындағы наразылық:

Шляшев ісіне қатысты наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00

Бас прокуратураның алғашқы, яғни 2016 жылғы қазанның 11-інде қабылдаған қылмыстық іс қаулысында бесінші маусым күні жергілікті полиция басшылары "Паллада" қару сататын дүкеніне қаруланған полиция қызметкерлерін жіберіп, одан кейінгі қылмыстардың алдын алу үшін әрекет етпегені айтылады. Прокуратура олар "Паллададағы" шабуылдан соң ұлттық гвардияның 6655 әскери бөліміне кеткен "қарулы топтың жолын кесіп, оларды ұстауға нұсқау бермеген" дейді. Яғни, кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қараған.

Прокуратураға кіріп шыққан Сандуғаш Шляшева онда бас прокуратураның өкілі барын, өзінің жеңіл көлігінің құжаттарын кепілге алып қалғанын айтты. Бұдан соң наразылардың талап етуімен сыртқа шыққан прокурор Жұмабек Ізғалиев Шоқанов пен Шляшовтің қамалмайтынын, оларды бұлтартпау шаралары талқыланып жатқанын айтты.

Наразылық орнына облыстық ішкі істер департаментінің басшылары барып, прокуратура өкілдері шықты. Прокуратура ғимаратын полиция дереу қоршауға алды. ІІД департаменті басшысының орынбасары Қаныбек Жақсығалиев келіп, жиналғандардың тарауын сұрады.

Биыл маусымның 5-інде Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Бұл шабуылға қатысты 30-ға тарта адам сотталды.

XS
SM
MD
LG