Accessibility links

Тбилисидің бұрынғы мэрі бостандыққа шықты


Тбилиси қаласының бұрынғы мэрі Гиги Угулава сот залынан шығып келеді. Тбилиси, 17 қыркүйек 2015 жыл.
Тбилиси қаласының бұрынғы мэрі Гиги Угулава сот залынан шығып келеді. Тбилиси, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Коррупция айыбымен сотталған Грузия астанасы Тбилиси қаласының бұрынғы мэрі ГигиУгулава апелляциялық сот шешімі бойынша қамаудан босатылды.

Түрме қақпасы алдында тікелей эфирде берген сұхбатында Гиги Угулава өзіне қолдау білдіргендерге алғысын жеткізді. Ол бұрын билікте болған «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы белсенділерін «Тбилсервис групп» компаниясына жұмысқа орналастыру ісі бойынша бюджет қаржысын талан-таражға салуға өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін Тбилиси қалалық соты «Тбилсервис групп» ісі бойынша Гиги Угулаваны айыпты деп танып, оны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қаңтардың 6-сы күні апелляциялық сот Угулаваның үкімін қайта дәрежелеп, компаниядағы қызметті теріс пайдалану ісі бойынша тағайындалған жаза мерзімін қысқартқан соң ол бостандыққа шыққан.

Прокуратура апелляциялық сот шешіміне шағым түсірмек ниетте.

XS
SM
MD
LG