Accessibility links

Польша премьері АҚШ әскерін қошеметпен қарсы алды


Польшаға келген АҚШ әскери техникасы. 10 қаңтар 2017 жыл.
Польшаға келген АҚШ әскери техникасы. 10 қаңтар 2017 жыл.

Польша премьер-министрі Беата Шидло және үкіметтің өзге де өкілдері қаңтардың 14-і күні ел аумағына келген америкалық әскерилерді қошеметпен қарсы алды.

Польшаның Германиямен шекара маңындағы Жагань қаласында өткен қарсы алу рәсімінде премьер-министрі Шидло "Польшаның қауіпсіздігін нығайту жолында үлкен қадам жасалғаны" туралы мәлімдеген. Польша қорғаныс министрі Антоний Мачеревич америкалық сарбаздарға арнаған сөзінде "Біз сіздерді ондаған жылдар бойы күттік" деген.

АҚШ әскерилері Польшаға НАТО ұйымының жоспары аясында келіп отыр. Бұған дейін НАТО одаққа мүше елдердің шығыс шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған болатын. НАТО жоспары бойынша, Польшаға одақтастардың 3,5 мыңға жуық әскері орналасуы тиіс. Сонымен бірге Польшаға бір мыңға жуық әскери техника – Abrams танкілері, Bradley жаяу әскер машиналары мен өздігінен жүретін Howitz артиллериялық қондырғылары әкелу жоспарланған.

XS
SM
MD
LG