Accessibility links

Лавров: Ресей Трамппен кей мәселелер бойынша диалогқа дайын


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз конференциясында. Мәскеу, 17 қаңтар 2017 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз конференциясында. Мәскеу, 17 қаңтар 2017 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен стратегиялық тұрақтылық, оның ішінде ядролық қаруларға қатысты мәселеде диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Мәскеуде өткен жыл сайынғы баспасөз конференциясында Лавров диалогта дыбыстан жылдам қару-жарақтар, АҚШ-тың Еуропада орнатып жатқан зымыраннан қорғаныс жүйесі, ғарыштық қару-жарақ және ядролық қаруды сынау мәселелерін талқылауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, Ресей Трамп әкімшілігімен ол 20 қаңтарда қызметіне кіріскен соң аталған мәселелер бойынша талқылау өткізуге дайын.

Сергей Лавров Мәскеу Дональд Трамптың бірер күн бұрын айтқан Ресей ядролық қаруын азайту туралы келісімге келсе, санкцияны жоюға болатыны туралы ұсынысқа қатысты комментарий бермейтінін айтты.

Дональд Трамп 15 қаңтарда лондондық The Times газеті мен немістің Bild басылымына берген сұхбатында Мәскеу ядролық қаруын азайту туралы келісім жасасса, онда Ресейге салынған санкцияларды жоюға болатынын білдірген.

XS
SM
MD
LG