Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында жанжалдан үш адам зардап шекті


Қырғызстанның Баткен ауданының Тәжікстанмен шекарасы (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Баткен ауданының Тәжікстанмен шекарасы (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасындағы Кок-таш ауылында жергілікті жастар арасында болған жанжалдан Исфара ауданы Сомониен ауылының үш тұрғыны жараланды деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы.

Исфара қаласы төрағасының орынбасары Таборак Файзуллаеваның Азаттыққа айтуынша, жанжал 22 қаңтар күні кешке жақын Сомониен ауылында тұратын үш бозбала екі ауыл арасындағы футбол жарысынан қайтып келе жатқанда болған. Кок-Таш ауылының сыртында оларға жергілікті 20 шақты бала жабылып, соққыға жыққан. Қазір зардап шеккендер жергілікті ауруханада емделіп жатыр. "Олардың беті мен арқасында соққы іздері бар" деді ол.

Файзуллаева оқиғаның тексеріліп жатқанын, таяу уақытта Баткен және Исфара қалаларының басшылары кездесетінін жеткізді.

Ал Баткен ауданының әкімі Кенеш Салиховтың Азаттыққа айтуынша, қазір аймақтағы жағдай тұрақты, күш құрылымдарының бақылауында.

XS
SM
MD
LG