Accessibility links

Парижде шабуыл жасаған адам полициямен тілдесуден бас тартып отыр


Caroussel du Louvre сауда үйінің алдында тұрғна полийия мен сарбаздар. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.
Caroussel du Louvre сауда үйінің алдында тұрғна полийия мен сарбаздар. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.

Париждегі Лувр мұражайының маңында мачетамен шабуыл жасамақ болған египеттік Абдулла Реда әл-Хамами полициямен тілдесуден бас тартып отыр. Дереккөздерінің мәліметінше, 3 ақпан күні 29 жастағы Абдулла Реда әл-Хамами әскерилерге екі мачетамен шабуылдаған кезде бір сарбаз оған оқ атып жаралаған.

Франция президенті Франсуа Олланд шабуылды теракт деп атады. Тергеушілер шабуылдаушыны жағдайы жақсарған соң тергеуге алмақ болған. Дерекккөзінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, "алғашқы тілдесу таңертең және қысқа ғана болған". Египеттік әзірге сөйлесуден бас тартып отыр.

Әл-Хамамидің әкесі Реда әл-Хамами Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын ұлының Парижге іссапармен барғанын айтады. Египет ішкі істер министрлігінің отставкадағы генералы Реда әл-Хамамидің сөзінше, ұлынан радикалдану белгілері байқалмаған. Полиция шабуылдаушы жалғыз өзі әрекет етті ме және шабуылды аяқ астынан шұғыл жасады ма болмаса әлдекімнің нұсқауымен жасады деген сауалдарға жауап алғысы келеді.

XS
SM
MD
LG