АҚШ-тың апелляциялық соты бүгін прездиент Дональд Трамптың миграцияны шектейтін жарлығына қатысты куәгерлер жауабын тыңдайды. Сан-Францискодағы округтік апелляциялық сот 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15-те әділет министрлігінің заңгерлері мен Вашингтон және Миннесота штаттарының өкілдерінен Трамптың босқындар мен мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын жарлығын қорғайтын аргументтерін білдіруді сұраған.
Сиэтл соты 3 ақпанда Трамп жарлығының күшін тоқтатып, тыйым салынған Иран, Ирак және басқа елдер азаматтарының АҚШ-қа кіруіне мүмкіндік тудырған.
Әділет министрлігі 6 ақпан күні кешке ұсынған түсініктемесінде Трамп жарлығының күшін тоқтату туралы сот қаулысын шектеу қажет дейді. Министрлік сот қаулысын бұрын АҚШ-қа кіруге рұқсат алғандар мен уақытша шетте жүргендерге немесе АҚШ-тан уақытша шетелге кетіп қалып, кейін қайтып келгісі келетіндерге қолдануды ұсынады.