Accessibility links

Кабулде жарылыстан 20 шақты адам қаза тапты


Ауғанстан астанасы Кабулде жоғарғы сот ғимараты маңында болған жарылыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 48 адам жараланды. Биліктің дерегінше, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Полиция мәліметінше, сот қызметкерлері жұмыстан шығып, тұрақта автобусқа мініп жатқан кезде жанкешті жарылыс жасаған. Әзірше шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Бүгін Ауғанстанның батысындағы Фарах қаласында да аудандық әкімшілік басшыларының бірі үйінің жанында жарылған минадан қаза тапты. Оның өлімін талибтер мойнына алды.

БҰҰ дерегінше, Ауғанстанда 2016 жылы 11,5 мыңдай адам шабуылдан мерт болған не жараланған. Олардың үштен бірі - балалар. БҰҰ бұл ең жоғары көрсеткіш екенін айтады.

XS
SM
MD
LG