Украина депутаты Алексей Гончаренко Киевтегі Германия елшілігінің территориясында тұрған Берлин қабырғасының сынған бөлшегіне Берлиннің Украина бойынша бейбіт келіссөздегі ұстанымына наразылық танытып сурет салып кетті. Бұл Берлиннің наразылығын тудырды. Германияның Украинадағы елшісі Эрнст Райхель Украинаның шығысында онда Рсеей әскерінің барына қарамастан жергілікті билік органдарына сайлау өтуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұдан соң "Петр Порошенко блогының" мүшесі Гончаренко Берлин қабырғасының тасына "Nein" (неміс тілінде "жоқ" деген сөз) деген сөз жазып кеткен.
Өз іс-әрекетінің суретін Facebook-ке жариялаған депутат Берлин қабырғасы "Ресейдің таяуда ғана Еуропаны оккупациялағанының символы" болды декп жазды. Петр Порошенко үкіметі Ресеймен Украина шығысындағы қақтығысты тоқтау келіссөзінде жергілікті сайлау өткізу үшін Ресей әскерінің толық шығарылып, барлық әскери іс-қимылдардың тоқтатылғанын талап етеді.
Бұған дейін Еуропа елдерінің басшылары Киевке ашық қарсылық білдірмеген. Бірақ Германия елшісі таяуда украин телеарналарының біріне берген сұхбатында сайлау өткізу үшін Ресей әскерилерін толық шығару міндетті емесін мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, сайлауға түсетін украин саясаткерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру жеткілікті. Жабық келіссөздерге қатысатын Германия елшісі Райхельдің мәлімдемесіне Киевтегі наразылықтың қатқыл болғаны сонша, кейбір депутаттар Берлинді елшісін ауыстыруға шақырды.