Accessibility links

Корпорация: ХҚКО-ларда қызмет көрсетудің барлық түрі қалпына келді


Халыққа қызмет көрсету орталығы (Көрнекі сурет).
Халыққа қызмет көрсету орталығы (Көрнекі сурет).

"Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) "мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрі қалпына келтірілгенін" мәлімдеді.

Корпорация сайтында жарияланған ақпаратта әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік регистрі" мәліметтер базасының қызметін қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаны айтылады.

Осы аптаның басында ХҚКО-ларда бірқатар қызмет, оның ішінде азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу қызметтерінің көрсетілмей тұрғаны белгілі болған еді. Базадағы ақау кезінде жылжымайтын мүлікті тіркеу, тіркеуден шығару қызметтері де жұмыс істемеген. "Тіркелгісі келетіндер мекенжайдың тіркеу кодын тексеру мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұл азаматтарды уақытша тұрып жатқан жері бойынша тіркеуді қиындатты" делінген корпорация ақпаратында.

XS
SM
MD
LG