Accessibility links

Түркіменстанда 800-ден астам тұтқынға рақымшылық жасалмақ


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.
Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 828 тұтқынға рақымшылық жасады. Түркіменстан мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, рақымшылық 19 ақпанда атап өтілетін Түркіменстанның мемлекетік туы күні құрметіне орай жарияланған.

БАҚ ақпаратына қарағанда, президент рақымшылық туралы жарлыққа 12 ақпанда үкімет пен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен жиынынан соң қол қойған.

Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов кезінде жылына бір рет мұсылмандардың Рамазан айында рақымшылық жарияайтын.

Авторитар басшы Бердімұхамедов жылына бірнеше рет, әдетте мемлекеттік мерекелердің алдында рақымшылық жариялайды.

Бердімұхамедовтің соңғы - 2016 жылы 12 желтоқсанда атап өтілетін Бейтараптық күні қарсаңында жариялаған рақымшылығына 561 тұтқын ілінген.

Бірақ мұндай рақымшылықтарға әдетте саяси себеппен сотталған тұтқындар ілікпейді.

XS
SM
MD
LG