Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың қаңтар айында 5 адамға бруцеллез ауруы жұқты деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті.
Департамент бөлімінің бас маманы Балкүміс Мұсаеваның айтуынша, облыстағы үш ауданда тіркелген науқастар қазір емделіп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы – 382 адам, 2016 жылы – 279 адам бруцеллез ауруын жұқтырған.