Accessibility links

Чуркиннің өлімі себебін анықтау үшін қосымша тексеру қажет


Ресей сыртқы істер министрлігінде тұрған елші Виталий Чуркиннің портреті мен гүл шоқтары. Мәскеу, 21 ақпан 2014 жыл.
Ресей сыртқы істер министрлігінде тұрған елші Виталий Чуркиннің портреті мен гүл шоқтары. Мәскеу, 21 ақпан 2014 жыл.

Associated Press агенттігі Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі, 20 ақпан күні мезгіліз қайтыс болған Виталий Чуркиннің мәйітін ашқан медициналық сарапшылар дипломат өлімінің себебін анықтау үшін қосымша зерттеу жүргізу қажет деп мәлімдегенін хабарлады.

2006 жылдан бері Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі болған Чуркин 20 ақпанда 64 жасында қайтыс болған. Нью-Йорктегі сот-медициналық сарапшылар токсикологиялық талдау мен басқа да зерттеулер жасау қажетін, оларға бірнеше апта уақыт кететінін айтты. Медициналық сарапшылар зорлық-зомбылықтан, жазатайым қайтыс болған я өз-өзіне қол салғандардың өлімін тексереді.

Чуркиннің денесі ол қайтыс болған клиникадан сарапшыларға берілген. Мәскеу Чуркиннің қашан жерленетінін әзірге хабарламады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 21 ақпанда Чуркиннің қазасына байланысты көңіл айтып, елшіні "қалыптасқан дипломат" деп атаған. "Америкалық шенеуніктер кейде ресейлік әріптестерімен келіспеген кездерде Чуркин АҚШ-пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірқатар маңызды мәселелер бойынша жұмыста шешуші рөл атқарды" деді Трамп.

XS
SM
MD
LG