Accessibility links

"Қазақстан инжиниринг" компаниясы басшысының бұрынғы орынбасары қамалды


Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).
Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

"Қазақстан инжиниринг" компаниясы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды деп хабарлады Астана қалалық сотына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Бүгін бұдан бұрын "Қазақстан инжиниринг" басқарма құрамының өзгергені туралы хабарлаған еді. Компания сайтында жарияланған мәлімдемеде Қанат Сұлтанбековтің өкілеттігі тоқтатылғаны айтылады. Компания сонымен қатар басқарма құрамына кіретін аппарат жетекшісі Әділғазы Бергеновтың да өкілеттігі тоқтатылғанын, бұл туралы шешімді директорлар кеңесі 15 ақпанда қабылдағанын айтады.

Астана сотының хабарлауынша, Сұлтанбеков Есіл аудандық №2 сотының санкциясымен 2 айға қамалған. Оның қандай күдікке ілінгені айтылмайды.

Бұған дейін жергілікті агенттіктер ҰҚК-дегі аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап, 41 жастағы Қанат Сұлтанбековтің коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Сұлтанбеков компания басқарма төрағасының орынбасары қызметін 2015 жылдың ақпанынан бері атқарған. Компанияның бірден-бір акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры саналады. Компания 2016 жылдың желтоқсанынан бері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқаруында.

XS
SM
MD
LG