Accessibility links

Ресейлік үш жеңіл атлет бейтарап түрде жарысқа қатысуға рұқсат алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының ассоциациясы (IAAF) Еуропа чемпионаты қарсаңында тағы үш ресейлік спортшының жарысқа бейтарап түрде қатысуына рұқсат берді.

IAAF 23 ақпанда жеңіл атлет Кристина Сивкова, балға лақтырушы Алексей Сокирский және сырықпен секіруші Анжелика Сидороваларға салынған тыйымын жойды. Ұйымның шешімі бойынша, олар «ерекше талаптарға сай келген». Спортшылар Ресей құрамасы шеттетілген кезеңдегі халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін ерекше талаптарды орындауы тиіс болды.

Дегенмен, спортшылар әлі де болса жарысты ұйымдастырушылардың рұқсатын алуы тиіс. Ресейдің жеңіл атлетика құрамасы мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді делінген допинг дауынан соң халықаралық жарыстардан шеттетілген болатын. Ал жекелеген спортшылар арнайы рұқсатпен бейтарап түрде жарысқа қатысуына болады. Сол рұқсатты алуға ондаған ресейлік атлет өтініш берген. Бұған дейін Дарья Клишина мен Юлия Степанова рұқсат алған болатын. IAAF алты өтінішті кері қайтарғанын, қалғаны әлі қарап жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG