Шымкентте Хаел Досмұхамедов атындағы №4 орта мектепте дәнекерлеру жұмыстарын жүргізу кезінде жараланған мұғалім ауруханада көз жұмды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің 27 ақпанда хабарлауынша, оқиға 26 ақпан күні түскі сағат 13:30-да болған. 1982 жылы туған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектептің кіші дәлізінде газбен дәнекерлер жүргізіп жатқанында жараланып, ауруханаға түскен. Кейін ол сол жерде қайтыс болған.
Департамент қазір мұғалімнің неден жарақаттанып, қайтыс болған анықталып жатқанын айтады.