Accessibility links

Назарбаев: Конституцияға өзгерістерді парламент енгізеді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттілікті бөлісу бойынша конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум болмайды деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев Қазақстан конституциясында оған өзгерістер референдум, я парламент арқылы енгізілетіні көрсетілгенін және оның қай түрін таңдау президенттің құзырында екенін айтты. "Сондықтан мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаландым. Біз биліктің саяси жүйесінде үлкен өзгеріс жасайын деп жатқан жоқпыз. Жасалып жатқан жұмыстардың ел мен халық үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, мен өзгерістерді парламент арқылы енгізуге шешім қабылдадым" деді Назарбаев. Президент конституцияға бұған дейінгі өзгерістердің де парламент арқылы енгізілгенін айтты.

Қазақстан президенті бұған дейін билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу бойынша жұмыс тобының отырысында конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген.

Ппрезидент әкімшілігінің басшысы, конституциялық реформа бойынша жұмысшы тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, конституциялық реформаға қатысты президент әкімшілігіне бір айда алты мыңнан астам ұсыныс түскен. Оның сөзінше, ұсыныстар конституцияның барлық баптарын қамтиды.

Назарбаев қаңтардың 25-і күні жасаған үндеуінде билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу үшін конституцияға өзгерістер енгізу қажетін мәлімдеп, заң жобасын халықтың талқылауына бір ай мерзім берген. Ұсыныстар жобасында үкімет пен парламентке 40-қа жуық өкілеттілік беру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG