Accessibility links

Конституцияға өзгерістер енгізу заңы қабылданды


Қазақстан конституицясын бейнелейтін кітап пен оның жанында тұрған сарбаз (Көрнекі сурет).
Қазақстан конституицясын бейнелейтін кітап пен оның жанында тұрған сарбаз (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды деп хабарлады Ақорда Twitter-дегі ресми парақшасында.

Қазақстан парламенті 3 наурызда қарауына түскен конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын 6 наурызда соңғы оқылымда мақұлдаған. Сол күні президент оны конституцияға сәйкестігін анықтау үшін Конституциялық кеңеске жолдап, кеңес кеше құжат конституцияға қайшы емес деп тапқан. Құжатта конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізу қарастырылған. Биліктің мәлімдеуінше, өзгерістер президенттің бірқатар өкілеттіліктерін үкімет пен парламентке беру үшін жасалып жатыр. Заң жобасында президенттің мемлекеттік бағдарлама мен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық органдар жұмысшыларының еңбек ақысы мен қаржыландырудың ортақ жүйесін бекіту өкілеттілігі үкіметке беріледі. Үкімет президент емес, парламент мәжілісі жаңа сайланғанда отставкаға кетеді. Министрлер лауазымына кандидаттарды президентке премьер-министр ұсынады. Тек сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс министрлерін президент бұрынғыдай өзі тағайындайды. Қазақстанның бірінші президентінің мәртебесі конституцияның тағы бір бабында айқындалып көрсетіледі.

Қазақстанның қолданыстағы конституциясы 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған. Кейін оған бірнеше рет өзгеріс енгізілген.

XS
SM
MD
LG