Accessibility links

АҚШ әділет министрі 46 федералдық прокурордың қызметтен кетуін талап етті


АҚШ әділет министрі Джефф Сешнс.
АҚШ әділет министрі Джефф Сешнс.

АҚШ әділет министрі Джефф Сешнс елдегі 46 федералдық прокурордан отставкаға кетулерін талап еткен. АҚШ-та қалыптасқан тәжірибе бойынша, елдің бұрынғы президенті кезінде тағайындалған округтік прокуратура жетекшілері Ақ үйде жаңа басшы міндетіне кіріскен сәттен бастап қызметтерінен кетеді. Қазіргі кезде 93 федералдық прокурордың 46-сын кезінде қызметке Барак Обама тағайындаған.

АҚШ әділет министрлігінің өкілі Сешнстің прокурорларға талабы министрліктің барлық деңгейінде жетекшілерді ауыстырудың келісілген және қалыпты процесін қамтамасыз ету қажеттігімен байланысты деп түсіндірген. Қызметтен кету туралы өтініш бергенімен барлық федералдық прокурорлар өздерін алмастыратын жаңа адамды АҚШ президенті осы қызметке бекіткенге дейін жұмыстарын жалғастыра береді.

Қызметтен босатылғандардың бірі – Нью-Йорктің оңтүстік округі прокуроры Приит Бхарара. Оның бастамасы бойынша кезінде Ресейге байланысты шулы істер қозғалған. Олардың арасында мәселен, 2010 жылы АҚШ-та әшкереленген ресейлік тыңшылардың жасырын желісі туралы процесс, қару-жарақ сатушы Виктор Бут пен ірі көлемде кокаин тасымалдамақшы болғаны үшін айыпты деп танылған Константин Ярошенконың істері бар.

XS
SM
MD
LG