Accessibility links

Tengri Bank пен Capital Bank Kazakhstan банктері бірікпек


Қазақстандық тағы екі банк - Tengri Bank пен Capital Bank Kazakhstan банктері бірігетінін жариялады. Tengri Bank банкінің хабарлауынша, Capital Bank Kazakhstan-мен бірігу туралы мәмілеге 13 науры күні қол қойылған.

Tengri Bank-тің ақпаратына қарағанда, банктер екі банктің депозиторларының мүддесі үшін бірігіп жатыр. Бірігудің жалпы бизнесті дамыту және банктердің стратегиялық міндеттерін орындауда тиімділігі жоғары болмақ. Біріккен банктің ортақ капиталы 43,2 миллиард теңгеге жетеді және ол Қазақстанның қаржы нарығындағы ұстанымын әлдеқайда күшейте алады. Банк осы арқылы екінші деңгейлі банктер рейтингісінде 17-орынға көтерілуге болады дейді.

Екі банк қазір клиенттеріне толық қызмет көрсетіп жатқанын айтады.

Қазақстанда бұған дейін "Халық банкі" мен "Казкоммерцбанк" банктері, "Цеснабанк" пен "БанкЦентрКредит" банктері бірігетіні жария болған.

XS
SM
MD
LG