Accessibility links

Тиллерсон: Мемлекеттік департамент бұрын қаржыны дұрыс жұмсамаған


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мемлекеттік департаменттің бұрын қаржыны "ысыраппен" жұсмсағанын мәлімдеді. Бұл жайында ол 16 наурызда Токиода президент Дональд Трамптың мемлекеттік департамент бюджетін 28 пайызға қысқарту туралы жоспарларына білдірген реакциясында айтты. Ол "мемлекеттік департаменттің жұмсап жатқан шығындарының тұрақсыз екені айдан анық" деді.

Тиллерсон мемлекеттік департамент "тарихтағы ресурсты қалай болса солай бөлу кезеңінен бас тартатынын" айтып, бұрынғы жұмыстардың көбін аз ғана қаржылық шығынмен атқаруға мүмкіндік болғанын мәлімдеді.

Ақ үй мемлекеттік департамент пен USAID-тың бюджет қазіргі көлемінен 28 пайызға қысқартып, 25,6 миллиард долларға дейін түсіруді жоспарлап жатыр.

Ақ үй мемлекеттік департамент бюджетін елдің 2018 жылғы бюджетінің шығындарын азайту жоспары аясында қысқартпақ. 2018 жылғы бюджет жобасында шетелдерге көмек көрсетуге және қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына бөлінетін қаржыны азайтып, қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны көбейту қарастырылған. АҚШ-тың келер жылғы бюджет жобасы бүгін жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG