Accessibility links

ОҚО-да соңғы 5 жылда 17 "педофил" сотталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 17 "педофил" сотталып, бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі облыстық әкімдікте өткен брифингте облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов хабарлады.

Төрағаның сөзінше, 2013 жылы – 1 іс, 2014 жылы – 2 іс, 2015 жылы - 5 іс, 2016 жылы – 8 іс қаралған.

- Өкінішке қарай, педофил айыбы бойынша қозғалған іс жылдан жылға артып келеді. 2017 жылдың өзінде 1 іс қаралды. Қазір қатаң бақылауға алынды, - дейді ол. Төлепбергеновтің айтуына қарағанда, педофилдік әрекеттің түр-түрі бар.

XS
SM
MD
LG