Accessibility links

Лукашенко Батыс пен "бесінші колоннаны" айыптады


"Арамтамақтық" туралы заңға қарсылық акциясына қатысушылар. Слоним, Беларусь, 19 наруыз 2017 жыл.
"Арамтамақтық" туралы заңға қарсылық акциясына қатысушылар. Слоним, Беларусь, 19 наруыз 2017 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен «батыс қорларын» Беларусь еліндегі «бесінші колоннаға» басшылық жасап, қаржыландыру арқылы «жағдайды ушықтыруға тырысып отыр» деп айыптады.

Ресей-беларусь әскери күштері болашақта бірге өткізбекші «Батыс-2017» әскери жаттығуына арнаған сөзінде Лукашенко ел басшылығы бұл әрекеттерді «жөнге келтіре алатынын» айтқан. Сонымен бірге ол Беларусьпен шекаралас елдерде НАТО әлеуетінің күшейіп келе жатқанынан гөрі өзін ең алдымен Беларусьтің ішіндегі ахуалды «тайталасудың қазіргі заманғы әдістерімен» шиеленістіруге тырысу әрекеті көбірек толғандырып отырғаны туралы мәлімдеген.

Лукашенко нақты кімдерді «бесінші колоннаға» жатқызатыны және «жағдайды шиеленістіруге тырысушылар» кімдер екені туралы ашып айтпаған. Беларусь басшысы бұл мәлімдемесін елдің әр аймағындағы қалаларда «арамтамақтық» туралы заңға жаппай қарсылық акциялары жалғасып жатқан тұста жасап отыр. Мыңдаған адам қатысқан акцияларда әлеуметтік проблемалармен бірге саяси талаптар да айтылған, қарсылық шараларында беларусь оппозициясы өкілдері де белсенділік танытып жүр.

Билік көптеген наразылық акцияларына тыйым салып, ұйымдастырушыларына айыппұл кесіп, кейбірін әкімшілік қамауға алды. Беларусьте "Ерік күні" атап өтілетін наурыздың 25-інде жаппай наразылық шарасын өткізу жоспарланған.

XS
SM
MD
LG