Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы Сердар Бердімұхамедов ел парламентінде жоғары қызметке отырды. Түркімен мемлекеттік баспасөз құралдары Сердар Бердімұхамедов енді парламенттің құқықтық мәселелер жөніндегі комитетін басқаратыны туралы хабарлады. Бұған дейін ол Түркіменстан сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің жетекшісі болған.
Оның әкесі президент Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанды 2006 жылдан бері басқарып отыр. Ол Түркіменстан тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін билік басына келген.
Гурбангулы Бердімұхамедовтың үш қыз, бір ұлы бар.