Accessibility links

Ресей ғылым академиясының президенті қызметінен шеттетілді


Владимир Фортов, Ресей ғылым академиясының қызметінен шеттетілген президенті.
Владимир Фортов, Ресей ғылым академиясының қызметінен шеттетілген президенті.

Ресей ғылым академиясының президенті, Кремльдің саясатын ашық сынайтын Владимир Фортовты үкімет қызметінен шеттетті. Бұл туралы бұйрық үкіметтің ресми сайтында 23 наурызда жарияланған. Бұйрықта министрлер кабинетінің мұндай шешімді Фортовтың "27 наурызда аяқталатын өкілеттігін созбау туралы өтініші бойынша" қабылдағаны айтылады.

Соңғы уақытта Фортов академияның тоқырауға ұшырағанын, 2013 жылы ғылыми және зерттеу институттарын реформалау жүргізілгеннен бері қаржылай қолдау көрсетілмегенін мәлімдеп, билікті сынаған.

20 наурызда академия мүшелері арасында Фортов та бар үш үміткер сайлау процесіндегі кемшіліктерді айтып, кандидатураларын алып тастағандықтан жаңа президентті сайлай алмаған. Ресей ғылым академиясы сайлауды қарашаға қалдыруға шешім қабылдады. Фортов сайлауға қатысуға ниетті екенін айтады.

XS
SM
MD
LG