Accessibility links

Балалар үйінің түлегіне шыққан сот үкімі өзгермеді


Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).
Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).

Алматы қалалық сотында балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушілеріне сексуалдық іс-әрекет жасады деген айыппен сотталған балалар үйі түлегінің ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау аяқталды. Апелляциялық алқа №1 балалар үйін бітіріп шыққан Серік Асылбековке шыққан сот үкімін өзгертпеді. Апелляциялық алқа шешімі сотталушының сыртынан жарияланды. Сотталушы қазір СИЗО-да қамауда отыр.

Желтоқсанда Алматы соты №1 үйінде тәрбиеленіп шыққан Серік Асылбековті кәмелетке толмаған адамға сексуалдық іс-әрекет жасады деп айыптап, 15 жылға соттады. 19 жастағы Асылбеков 2015 жылы балалар үйінің 10 жастағы тәрбиеленушісіне жыныстық бопсалау жасады деп айыпталған. Асылбеков өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Адвокаты Айман Омарованың сөзінше, шағымды қарауда заң бұзылған. Адвокат сот шешіміе "алдын ала белгілі нәрсе" деп атайды.

Серік Асылбеков пен 10 жастағы тәрбиеленушіне қатысты оқиғаға 2016 жылдың ақпанында, БАҚ-та ұл баланың жыныстық зорлыққа ұшырағанын мәлімдеген видео жарияланған соң қоғам назары ауған. Бұл іс бойынша жәбірленуші деп танылған бала уақытша патронат отбасының қарауына берілген.

XS
SM
MD
LG