Грузияның биометрикалық паспорттары бар азаматтары бүгіннен бастап Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің көпшілігінің территориясына визасыз кіре алады. Бұл күнді грузиялықтардың көпшілігі тағатсыздаған күтті. Тбилиси 2008 жылғы Ресеймен арадағы қысқа уақыттық әскери жанжалдан соң Мәскеудің ықпалына төтеп бере отырып, ЕО-мен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылып келген.
Еуропа комиссиясы 2015 жылы желтоқсанда Грузия азаматтарына виза шектеулерін алып тастауды ұсынған, бірақ ЕО елдерімен визаны жоюға қатысты келіссөз күрделі болды.
Виза режимін либералдандыру келіссөзімен қатар жүргізілген Еуропа парламенті мен Еуропа кеңесі арасындағы виза режимін жою механизмдері туралы келіссөздер де баяу жүрді.
28 наурыздан бастап күшіне енетін виза режимін жою механизмдері Грузия азаматтарына белгілі бір жағдайларда визасыз жүріп-тұру режимін тоқтатуға да мүмкіндік жасайды.
Грузияның виза режимін либералдандыру туралы келісімінің күші ЕО-ның Ұлыбритания мен Ирландиядан басқа мемлекеттеріне жүреді. Бұл келісімнің ЕО құрамына кірмейтін Шенген аймағы елдері - Норвегия, Исландия, Лихтенштейн және Швейцарияға қатысы жоқ.
Грузия азаматтары ЕО елдерінде 180 күн ішінде 90 күнге дейінгі мерзімде туристік, іскерлік, медициналық, білім алу мақсатында барып, жүріп-тұра алады.