Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еуропа Одағын (ЕО) елдің одақтан шығу туралы келіссөзді бастағысы келетінін ескертетін ресми хатқа қол қойды. Reuters-тің хабарлауынша, агенттік тілшілері ЕО кеңесінің президенті Дональд Тускке бүгін тапсырылуы тиіс хаттың көшірмесімен танысқан. 2016 жылы маусымда өткен референдумда британдықтар ЕО-даны шығуды қолдап дауыс берген. Ұлыбритания ЕО-ға 1973 жылы қосылған еді.
Жоспар бойынша, келіссөз екі жылға созылады және Біріккен Корольдік одақ құрамынан 2019 жылдың наурызында ресми түрде шығады. ЕО елдерінің басшылары Ұлыбританияны қабылдаған шешімі үшін жазаламақ ниетте емесін мәлімдеген. Бірақ ЕО арасында негативті көңіл-күй артып келеді және одақ елдері ЕО-ға мүшеліктен бас тарту жеңіл болмағанын қалайды. Туск хатты алған соң екі күн ішінде ЕО-ның өзге 27 мемлекетіне келіссөз жүргізу ережелерінің жобасын ұсынуы тиіс.