Accessibility links

Оңтүстік Корея соты бұрынғы президентті қамауға алды


Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе (оң жақта) өзіне қатысты сот тыңдауында тұр. Сеул, 30 наурыз 2017 жыл.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе (оң жақта) өзіне қатысты сот тыңдауында тұр. Сеул, 30 наурыз 2017 жыл.

Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті, наурыздың ортасында коррупциялық жанжалға іліккен Пак Кын Хені қамауға алды. Қамауға алу туралы сот отырысы тоғыз сағатқа созылды.

Прокуратура экс-президентті "пара алды, билікті теріс мақсатта пайдаланды және мемлекеттік құпияны жариялады" деп айыптады. Пак Кын Хе өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне қатысты дау 2016 жылдың қазанында шыққан. Ол кезде БАҚ оңтүстік кореялық корпорациялардың, оның ішінде Samsung компаниясының Пак Кын Хенің серігі құрған қорға қаржы аударғаны үшін үкіметтің қолдауына ие болғаны туралы хабарлаған.

Коррупциялық жанжалдан соң Оңтүстік Кореяда ел көлемінде Пак Кын Хенің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық акциялары болды. Таяуда елде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG