Accessibility links

Шешенстан мектептерінде хиджаб тағуға рұқсат берілді


Дағыстан мектебіндегі хиджаб таққан қыз (Көрнекі сурет).
Дағыстан мектебіндегі хиджаб таққан қыз (Көрнекі сурет).

Ресей құрамындағы Шешенстан республикасының парламенті білім беру туралы заңға оқушылардың мектепке діни сенімі бойынша киініп келуіне құқық беретін түзетулерді мақұлдады деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы. Енді мектептер мен жоғары оқу орындары оқушылардың діни сенімі бойынша киініп жүру, мысалы, хиджаб тағу құқығын құрметтеуге тиіс болмақ.

Ресей мектептерінде хиджаб тағуға бола ма, жоқ па деген мәселе біраз жылдан бері талқыланып келеді. Биыл қаңтарда Ресей білім министрі Ольга Васильева мектепте хиджаб тағуға болмайтынын мәлімдеген. Оғна жауап берген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров орамалдың мұсылман қыздардың басты киімі екенін айтып, өз қыздарының хиджабты ешқашан шешпейтінін мәлімдеген.

Хиджаб туралы кезекті дискуссияға Мордовиядағы Белозерье ауылының мектебінде болған оқиға түрткі болды. Мұндағы мектепте оқытушыларға хиджаб тағуға тыйым салынған. Бұл шешімге қарсы Ресей Жоғарғы сотына шағым түсірілгенімен, сот тыйымды жақтап шыққан.

XS
SM
MD
LG