Accessibility links

Дмитрий Песков: жаппай ұстау - "дағдылы жайт"


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков наурыздың 26-сы күні елде болған жаппай наразылық акциялары туралы америкалық АВС телеарнасына сұхбатында биліктің келісімі бойынша өткен шараларды – заңды, ал Мәскеудің Тверь көшесіндегі тәрізді билік рұқсат бермеген акцияларды – заңсыз деп атаған. Песков Мәскеудегі акция кезінде адамдарды жаппай ұстауды «дағдылы жайт» деп санайды.

Кремль баспасөз хатшысы шенеуніктерді коррупциялық қылмыстарға айыптауды «популистік» және «шындыққа сәйкес емес» деп атаған. Ол Ресей шенеуніктерінің бүкіл кірісі коррупциямен күреске жауапты органдарға «өте ашық» деп мәлімдеген. Песков ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жетекшілік ететін коррупцияға қарсы қор жүргізген зерттеудегі Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің «декларациясында көрсетпеген дүние-мүлкі» жайлы ештеңе айтпаған.

Наурыздың 31-і күні «Мемориал» құқық қорғау орталығы коррупцияға қарсы бейбіт шерулерге шыққандарды жаппай ұстауды саяси репрессияның жаңа толқыны деп атап, билікті ұсталғандардың барлығын босатуға шақырған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы коррупцияға қарсы қордың қамаудағы қызметкерлері мен еріктілерін ар-ождан тұтқындары деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG