Accessibility links

Қарағанды облысында үш адамның судан қаза тапқанын "жазатайым оқиға" деді


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында жергілікті құзырлы органдар Қарқаралы ауданында үш адам, оның ішінде екі жасөспірімнің көліктің тасқын суға түсіп кетіп қаза табуын "жазатайым оқиға" деп тіркегенін мәлімдеді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қарқаралы ауданының прокуратурасы мұның "жол-көлік оқиғасы емесін, сондықтан жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғамағанын, оған "негіз жоғын" айтқан. Полицияның ұйғарымынша, 56 жастағы ер адам мен 19 және 13 жастағы екі жеткіншек "жазатайым оқиғадан" қаза тапқан.

31 наурыз күні кешке Бесоба ауылының жанында УАЗ маркалы көлігі еріген қар суына толып қалған жыраға түсіп кеткен еді. Оқиға кезінде көлік салонында тоғыз адам болған. Алты адам тірі қалып, үш адамның денесін құтқарушылар сол күннің ертеңінде тапқан. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаның "жол-көлік оқиғасы" деп саналатынын мәлімдеген.

Жергілікті билік ауданда су тасқынынан қорғалған жол барын айтады. 1 сәуірде елдің төрт облысында су тасу қаупінен кейбір жол бөліктері жабылған.

XS
SM
MD
LG