Стокгольмде жүк көлігімен төрт адамды таптап өлтірді делінген күдікті Рахмат Акилов өзіне тағылған терроризм актісі айыбы бойынша қылмыс жасағанын мойындады. 39 жастағы Акиловтың адвокаты оның кінәсін бүгін өзіне бұлтартпау шарасын белгілеуге қатысты сот отырысында мойындағанын айтты.
Сот материалдары бойынша, Акилов Өзбекстан азаматы деп танылған. Швеция бас прокурорының орынбасары Ганс Ирман Рахмат Акиловтың террористік қылмыс жасады деп айыпталып отырғанын растады.
10 сәуірде Швеция полициясының басшысы Дан Эллиасон билік ұсталған адамның Стокгольмде 7 сәуірде жүк көлігімен шабуыл жасағанына "сенімді екенін" мәлімдеген.
Полиция бұл іс бойынша 9 сәуірде ұсталған екінші адамның аты-жөнін жариялаған жоқ. 7 сәуірден бері тергеу аясында Стокгольм мен оның айналасында жүз шақты адамнан жауап алынып, көптеген рейдтер жүргізілді.