Мәскеудің Басман аудандық соты тергеушілердің сұрауы бойынша Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевті қамау мерзімін ұзартты. Улюкаев пара алды деп айыпталған.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тергеу Улюкаевтің емдеу-сауықтыру орталығына баруына рұқсат еткен. Сот Улюкаевтің адвокаттарының оған күн сайын серуендеп тұруына рұқсат беру туралы өтінішін қанағаттандырмаған.
Бұған дейін Улюкаевтің ісі бойынша тергеу мерзімі тамыздың ортасына дейін ұзартылған. Тергеушілер әлі 15 куәгерден жауап алып, екі сараптама - фонографиялық және психология-лингвистикалық сараптамалардың қорытындысын алу керек. Бұдан соң сот материалдарымен Улюкаевтің қорғаушылары танысады.
Алексей Улюкаев 2016 жылы 15 қарашада "Роснефть" компаниясының кеңсесінде ұсталған. Тергеушілердің ұйғарымынша, экс-министр "экономикалық даму министрлігінің "Роснефть" компаниясына "Башнефть" компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін 2 миллион доллар пара алды" деген күдікке ілінген. Улюкаев ұсталған соң Ресей президенті оны қызметінен шеттеткен.
60 жастағы Улюкаев 2013 жылы экономикалық даму министрі болып тағайындалған. Бұған дейін ол орталық банк басшысының орынбасары болған. Ол мемлекеттік нысандарды жекешелендіру жұмыстарына басшылық еткен.