Accessibility links

Санкт-Петербургте ереуілді қолдаған көлік жүргізушілерін ұстаған


"Платон" жүйесіне қарсы акцияға қатысушы жүк көліктерінің жүргізушілері. Мәскеу облысы, Ресей, 27 наурыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
"Платон" жүйесіне қарсы акцияға қатысушы жүк көліктерінің жүргізушілері. Мәскеу облысы, Ресей, 27 наурыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында елде ереуілдеп жатқан жүк тасымалдаушы көліктердің жүргізушілерін қолдау үшін автомобильдерімен қала көшесімен жүріп өтпекші болған бірнеше адамды полиция ұстаған. Ресей жүк тасымалдаушылары ұйымы Санкт-Петербург бөлімшесінің үйлестірушісі Сергей Владимиров түскі сағат бірдің кезінде өзін басқа бес адаммен бірге полиция көлігімен Пушкиндегі полиция бөліміне алып бара жатқаны туралы "Фонтанка"басылымына хабарлаған. Тағы бес адамды басқа көлікпен апара жатқан болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Санкт-Петербургтегі Нева даңғылымен Сарай алаңына дейін автокөлікпен жүріп өтпек болған бұл адамдарды полиция Мәскеу автокөлік жолындағы лагерьден шыға бергенде тоқтатқан, алайда жолды жаппаған.

Владимировтың сөзінше, наразылық шарасына 80-ге жуық автомобиль шыққан. Митингі өткізу жоспарланбаған.

Наурыздың 27-інде басталған жүк тасымалдаушы көліктер жүргізушілерінің бүкілресейлік ереуілі әлі жалғасып жатыр. Олар Ресейде федералдық жолдарда жүргені үшін жүк көліктеріне салық салатын "Платон" жүйесіне қарсы. 2015 жылы 15 қарашада іске қосылған "Платон" жүйесінің алымы биылғы сәуірдің 15-інен бастап көбейтіледі деп белгіленген.

XS
SM
MD
LG