Accessibility links

Адвокат: Бишімбаев Назарбаевты сынамаған


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.
Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин Бишімбаевтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "ешқашан жағымсыз пікір айтпағанын" мәлімдеді. Адвокат бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз конференциясында айтты. Бұған дейін БАҚ-та 37 жастағы бұрынғы министрді "Назарбаев туралы сыни пікір білдіргеніне байланысты қудалап жатқаны" туралы ақпарат тараған еді.

Пара алды деген күдікке ілінген Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. Ол қаңтардың 10-ы күні "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі" бойынша ұсталған. Екі күннен соң ол Астананың Алматы аудандық сотының санкциясы бойынша қамалған.

Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметінен 2016 жылдың желтоқсанында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" ұлттық компаниясы қатысты тергеу бастаған соң босатылған. Компания Бишімбаев 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін басқарған "Бәйтерек" холдингі құрамына кіреді.

XS
SM
MD
LG