Accessibility links

Украина шығысында ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясының қызметкері қаза тапты


Луганск облысының Пришиб елді мекенінде ЕҚЫҰ-ның минаға түсіп қалған көлігі. Украина, 23 сәуір 2017 жыл.
Луганск облысының Пришиб елді мекенінде ЕҚЫҰ-ның минаға түсіп қалған көлігі. Украина, 23 сәуір 2017 жыл.

ЕҚЫҰ Украинаның шығысындағы сепаратистер бақылайтын ауданда минадан ұйымның бақылаушылар миссиясының бір қызметкері қаза тауып, екі қызметкері жараланғанын мәлімдеді. ЕҚЫҰ миссиясының көлігі миналанған аймаққа өтіп кеткен. ЕҚЫҰ-ның Twitter-дегі парақшасында жараланған қызметкерлердің ауруханаға жатқызылғаны айтылады. Украина сыртқы істер министрлігінің қызметкері Азаттыққа минадан америкалық дәрігердің қаза тапқанын растады.

ЕҚЫҰ аймақта ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасындағы бітімді бақылау үшін Донбасқа кірген 2014 жылдан бері бірінші рет адам шығынына ұшырап отыр. Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғары комиссары Федерика Могерини оқиғаны "қақтығысты бейбіт реттеуді шұғыл ілгерілету қажеттігін еске салады" деп атады.

Австрия сыртқы істер министрлігінің өкілі жараланғандардың бірі Германия азаматы екенін мәлімдеді. ЕҚЫҰ мәліметінше, зардап шеккен екінші адам - чех. ЕҚЫҰ өкілінің сөзінше, олардың есімі туыстарына хабарланған соң жарияланады. Миссия қызметкерлері сепаратистер бақылайтын Луганск облысының Пришиб елді мекенін шолғындап жүрген.

XS
SM
MD
LG