Accessibility links

Қырғызстанда көшкін адамдарды басып қалған


Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.
Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.

Қырғызстанның Ош облысы Өзген ауданы Зергер ауылдық округіндегі Аюу ауылы маңында бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат жетіге қарай көлемі бір миллион текше метрді құрайтын көшкін жүріп, жеті үйді тас-топырақ басып қалған. Төтенше қызметтің алдын ала мәліметі бойынша, топырақ астында қалған үйлерде 24 адам тұрған деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Төтенше оқиға болған жерде жүз адамнан тұратын құтқару тобы жұмыс істеп жатыр.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзгендегі апатқа байланысты үндеуінде бұған дейін билік орындарының қауіпсіз жерге көшу туралы талабына тұрғындардың немқұрайлық танытқанына қынжылыс білдірген. Атамбаев апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетуді төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Бороновқа жүктеген.

Сонымен бірге президенттің тапсырмасы бойынша апат құрбандарын аза тұту күні туралы жарлық әзірленіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

XS
SM
MD
LG