Accessibility links

Greenpeace Эйфель мұнарасына Ле Пенге қарсы баннер ілді


Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.
Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.

Greanpeace қозғалысының белсенділері Париждегі Эйфель мұнарасына Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшылдар жетекшісі Марин Ле Пенге қарсы баннер іліп кетті. Баннерде француз республикашылдарының "Еркіндік, теңдік, бауырмалдық" деген ұраны мен "қарсылық таныт" деген хештегі жазылған деп хабарлайды Reuters агенттігі. Акция бүгін - 7 мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңі қарсаңында үгіт-насихаттың аяқталуына бір күн қалғанда болды.

Greenpeace-тің Франциядағы бөлімінің өкілі Жан-Франсуа Жюйяр журналистерге қозғалыс белсенділері осылайша Франция мен басқа да елдердегі ұлтшылдық пен авторитаризмге қарсылығын білдіріп, еркіндік, теңдік және бауырмалдық сияқты құндылықтарды қорғаудың маңызды екенін көпшіліктің есіне салғанын айтты.

Франциядағы президент сайлауының екінші кезеңіне центрист, бұрынғы экономика министрі Эммануиль Макрон мен "Ұлттық майдан" оңшыл радикалдық партиясының жетекшісі Марин Ле Пен шықты.

Сайлау алдындағы соңғы дебатта француздардың 63 пайыздан астамы Макронның аргументтерін сенімдірек деп санаған, 35 пайызы Ле Пенге қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG