Accessibility links

Боксшы Василий Левит - Азия чемпионы


Қазақстандық Василий Левит Ташкенттегі Азия чемпионатында. 5 мамыр 2017 жыл. (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).
Қазақстандық Василий Левит Ташкенттегі Азия чемпионатында. 5 мамыр 2017 жыл. (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит алтын алды. Ол финалда үндістандық Сумит Сангванды жеңді. Левит - Азия чемпионатында үш алтын алған алғашқы қазақстандық боксшы. Ол 2009, 2015 жылғы Азия чемпионатында да алтын алған.

81 килограмда қазақстандық Ерік Әлжанов финалда өзбекстандық Бектемір Мелкузиевтен жеңіліп, Азия чемпионатының күміс медалін иеленді.

Ертең, 7 мамырда қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (69 кг) пен Қамшыбек Қонқабаев (+91 кг) алтынға таласады. Екеуі де финалда өзбекстандық боксшымен кездеседі.

XS
SM
MD
LG