Accessibility links

ЕҚЫҰ бақылаушылары сепаратистен "жыныстық қысым көрген"


Украинаның қақтығыс болып жатқан аймағында жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. 25 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинаның қақтығыс болып жатқан аймағында жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. 25 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украинаның шығысында соғыс болып жатқан Донбасс аймағындағы арнайы мониторинг миссиясы қызметкерлері бақылаушыға ресейшіл сепаратист сексуалдық қысым жасағанын айтты. Миссия баяндамасында инцидент Луганск облысында болғаны айтылады. Автоматпен қаруланған ер адам ЕҚЫҰ миссиясын "талаптары орындалмайынша тексеру пунктінен өткізбейтінін" мәлімдеген. Бақылаушылар кері қайтуға мәжбүр болған. ЕҚЫҰ бақылаушыларының Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер қақтығысып жатқан Донбастың көп жеріне жіберілмей отырғанын айтады.

23 сәуір күні Киев бақыламайтын Луганск облысы территориясында ЕҚЫҰ көлігі минаға түсті. Медициналық қызметкер болып жүрген АҚШ азаматы қаза тауып, Германия мен Чехия азаматы жарақат алды. АҚШ пен ЕО оқиғаны тексеруге шақырды. Украина қауіпсіздік қызметі "теракт" бабымен қылмыстық іс қозғады. Донецк облысындағы ресейшіл сепаратистер ЕҚЫҰ қызметкерінің қазасына Украина әскерін айыптады.

ЕҚЫҰ мәліметіне қарағанда, ұйым бақылаушыларына Донбаста жұмыс істеген екі жыл ішінде 200 рет қатер төнген. Яғни, ЕҚЫҰ қызметкерлеріне қарата оқ ату, оларды қорқыту, техникаларын бүлдіру оқиғалары болған.

XS
SM
MD
LG