Accessibility links

Сирия оппозиция күштері ИМ-нан стратегиялық қаланы тартып алды


Сирия демократиялық күштерінің жасақтары ИМ содырарымен Табка қаласы үшін соғыста. Сирия, сәуір 2017 жыл.
Сирия демократиялық күштерінің жасақтары ИМ содырарымен Табка қаласы үшін соғыста. Сирия, сәуір 2017 жыл.

АҚШ қолдайтын оппозициялық Сирия демократиялық күштерінің (СДК) альянсы 10 мамырда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымынан стратегиялық Табка қаласы мен оның іргесіндегі Сириядағы ең үлкен бөгетті тартып алып, Ракка қаласына шабуыл жасайтын жолын аша түсті.

Раккадан батысқа қарай 40 километр қашықтықтағы Табка қаласының құлауы өзге ірі елді мекендерді Раккамен байланыстыратын ірі жол торабынан айырады.

Күрд және араб жасақтарынан құралған СДК альянсы Табка қаласын ИМ-нен қайтарып алу үшін бірнеше апта ұрыс жүргізіп келеді. Альянс таяуда АҚШ-тан ауыр қару-жарақ алған.

Сирия оппозициясы қару-жарағын жаңартудан бөлек стратегиялық маңызды қала мен оның жапсарлас ірі бөгетті қайтарып алу үшін АҚШ бастаған халықаралық коалициядан көмек алған. Коалиция оппозиция күштерін әуе шабуылдары мен арнайы жасақтары арқылы қолдаған.

СДК кеңесшісі Нассер Хадж Мансур Табка қаласы мен бөгет қазір ИМ содырларынан "толық азат етілгенін" мәлімдеді.

АҚШ президентінің ИМ-ге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы өкілі Бретт Макгурк Twitter-де Табканың қайтарылғанын растады.

XS
SM
MD
LG