Accessibility links

Ислам ынтымақтастық ойындарына Қазақстаннан 32 спортшы қатысады


Ислам ынтымақтастық ойындарының белгісі. Баку. 3 мамыр 2017 жыл.
Ислам ынтымақтастық ойындарының белгісі. Баку. 3 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Бакуде төртінші Ислам ынтымақтастық ойындары басталады. Ұйымдастырушыларының мәліметінше, жарысқа барлығы 58 елден алты мыңға жуық спортшы келген.

Ойындарға Қазақстаннан 32 спортшы қатысады. Олар бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, таэквондо, дзюдо спортынан медальға таласады.

Ислам ынтымақтастық ойынына қатысатындар арасында дзюдодан 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев, таэквондодан Рио олимпиадасына қатысқан Руслан Жапаров пен Жансель Дениз, еркін күрестен 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Шабанбай бар.

Қазақстан осыған дейін тек 2005 жылы Меккеде (Сауд Арабиясы) өткен алғашқы Ислам ынтымақтастық ойынына қатысып, 13 алтын, 8 күміс, 6 қола медальмен жалпы есепте Сауд Арабиясы мен Египеттен кейін үшінші орын алған.

XS
SM
MD
LG