Accessibility links

Трамп: Ресейдің сайлауға килігуін тергеу елді бөлшектеді


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуін тергеу "елді бөлгенін" мәлімдеді. Трамп Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантиоспен өткізген баспасөз конференциясында "Менің және штабымдағы қызметкерлермен арамызда ешқандай астыртын сөз байласу болған жоқ. Дегенмен, мен өзім және ресейліктер туралы да жауап бере аламын" деді.

АҚШ президенті сонымен қатар Федералдық тергеу бюросының қызметінен босатылған басшысы Джеймс Комиге президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша бұрығы кеңесшісі Майкл Флиннің Ресеймен байланысы барына қатысты тергеуден бас тартуына қысым жасауға тырысқанын да жоққа шығарды.

Америкалық БАҚ Трамп Комиден өзінің бұрынғы кеңесшісі Флиннге қатысты тергеуді тоқтатуды сұраған дейді. Флинн Трамп әкімшілігіне АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Ресей билігінің өкілдерімен байланыста болғаны туралы жеткілікті хабарламағаны әшкере болған соң қызметінен босатылған.

Трамп баспасөз конференциясында сонымен қатар таяуда Федералдық тергеу бюросының жаңа директорын тағайындайтынын да айтты.

XS
SM
MD
LG