Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан араб және мұсылман елдерінің саммитінде Ирак пен Сириядағы террористермен күресті қолдаудың әскери контингенті құрылды. Бұл туралы саммит қорытындысында қабылданған құжатта айтылады. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты.
Эр-Риядтағы саммитке қатысқан 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак пен Сириядағы террористерге қарсы операцияларды қолдау контингентігн құруды қолдады. Контингент 34 мың адамнан құралады деп жоспарланған.
Саммитте қабылданған "Эр-Рияд декларациясында" сонымен қатар Экстремистік идеологиямен күрестің дүниежүзілік орталығы құрылғаны да айтылады. Орталықтың штаб-пәтері Эр-Риядта орналаспақ.